«Ұлттық үрдісте киінейік!» челленджіне шақырамыз

«Ұлттық үрдісте киінейік!» челленджіне шақырамыз

Өскемен филиалы Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының 733 ЖТД топ интерндері мен топ кураторы Енсибаева Ш.Д. профессор-оқытушылар құрамы мен КеАҚ СМУ интерндерін, студенттерін ” Ұлттық трендте киінеміз!”атты челенджіне шаөырады.

Челлендждің мақсаты – қазақ стиліндегі ұлттық киімдерді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды жаңғырту; күнделікті өмірде ұлттық киімдер мен ұлттық әшекейлерді пайдалана отырып, стильді образ жасау.

Президент сондай-ақ Қазақстанда ұлттық мәдениетті дамыту қажеттігін мәлімдеді.

“Ұлттық мәдениет” мазмұны жағынан терең және көп қырлы құбылыс. Қазақ халқының өзіндік мәдениетінің бастауы дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген. Біздің мәдениетіміздің өзіндік ерекшелігі ұлттық киімде де өзінің жарқын бейнесін табады. Егер өскелең ұрпақ қазақтың ұлттық киімін тек “Наурыз мейрамына” және басқа да мерекелерге ғана емес, жұмыс күндері де киетін болса, керемет болар еді. Ұлттық мәдениет-халық өмірінің айнасы, оның болмысының көрінісі, ал елдің рухани дамуы ұлттық сананың дамуымен тікелей байланысты”,-деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлтымыздың құндылықтарын бірге дәріптейік және ұлттық қазынамызды бағалайық! Біздің міндетіміз-ұлттық стильде киіну, оны сәнді ету, өз дәстүрлерімізді дәріптеу!