Пшембаева Роза Кенжебаевна

Пшембаева Роза Кенжебаевна

Туған күні: 26.05.1967
  1. ортопедиялық стоматология пәндері бойынша оқу жүктемесін орындау.
  2. ғылыми-зерттеу, әдістемелік және клиникалық жұмыстарды жүргізу.
  3. 4 курс “Стоматолог хирургтің көмекшісі” бойынша ОӨП-ға жауапты.
  4. 409 топ кураторы.
  5. «Стоматология» ББК мүшесі.
  6. 5 курс бойынша коммити директоры.
  7. хирургиялық стоматология бойынша оқу меңгерушісі.

 

1985-1990 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтында «Стоматология» мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын 1990 жылы бастап, Целиноград қаласының № 1 қалалық стоматологиялық емханасында дәрігер-стоматолог болып жұмыс істеді. 1992 жылдан 2016 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина университетінде стоматологиялық пәндер кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді, Семей мемлекеттік медицина университетінде стоматологиялық факультетті ұйымдастыруда негізін қалаушылардың бірі болды. 1997-2001 жылдары А. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің аспирантурасында сырттай оқыды. 2016-2024 жж. ортопедия және балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді, кафедраның оқу меңгерушісі болды. Автор: 5 оқу-әдістемелік құрал, 1 оқу құралы, 2 оқулық, 3 терминологиялық сөздік, 3 патент, 1 рац. ұсыныс, 5 авторлық куәлік, 60-тан астам ғылыми басылымдар, оның ішінде 19 рецензияланатын басылымдарда және импакт-факторы бар 2 халықаралық журналда.

Жоғары білікті дәрігерлік санаттағы дәрігер-стоматолог. Семей және Астана қалаларында ересек пациенттердің тістерін диагностикалау, емдеу, протездеу бойынша жоғары мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсете отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. 2009-2010 жж., 2010-2011 жж. – “ЖОО-ның үздік оқытушысы” “СМУ” КеАҚ. 2012-2016 жж. – Аккредиттелген тәуелсіз сарапшы, ШК өңірлік тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының мүшесі.

«Семей Медицина Университетіне сіңірген еңбегі үшін» медалімен, «Стоматологиядағы ерен еңбегі үшін» алтын медалімен, Қазақстан стоматологиялық қауымдастығының Президиумынан «Қазақстан стоматологиясының үздігі» медалімен, Қазақстан стоматологиялық қауымдастығынан «Абырой» медалімен, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің “Алғыс хат» марапатталды.

Эл. пошта

roza.pshembayeva@smu.edu.kz