4313, 4327 ЖМ топ студенттернің қатысуымен  дөнгелек үстел

4313, 4327 ЖМ топ студенттернің қатысуымен дөнгелек үстел

Тұңғыш Президентіміз  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жастарға түсіндіру, кемел келешек пен оған жетер қадамдарды кеңінен насихаттау мақсатында 2020 жылдың 14 ақпанында «Госпитальды терапия » кафедрасының ассистенттері және резидент Канапянов Бакыттың  ұйымдастыруымен 4313, 4327 ЖМ топ студенттернің қатысуымен  дөнгелек үстел өткізілді. Жиын барысында студенттер  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша көзқарастарын білдіріп, өз ойларын ортаға салып, бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен іс-шаралардың ғылыми негізділігі туралы ой бөлісті. Оқытушылар мен студенттер арасында мәңгілік ел болуда ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың рөлі тақырыбында ашық пікірлер айтылды.

Госпитальды терапия кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Токтарова Ж.Ж. студенттерге  «Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі жастарымыздың қолында», – деген сөздермен дөңгелек үстелді қортындылады.

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Оқушылар