Факультеттік терапия кафедрасының ұйымдасытырылуымен 10.02-14.02. 2020 жыл аралығында жоспарланған бағдарламаға сәйкес гепатологтардың қысқы мектебі өтті. Мектептің ресми басталуының алғашқы күні ауруханаішілік медициналық конференциямен басталды – дүйсенбі күні 10.02.2020ж. сағат 09:00. Кафедра профессоры Жұмаділова З.К, қысқы мектептің барлық кезеңіне арналған іс-шаралар бағдарламасымен таныстырды. Мектептегі іс-шаралар аясында күнделікті өзекті теориялық мәселелер бойынша, ауруханадағы күтімнің жасалуы, ауыр бауыр аурулары бар гастроэнтерологиялық науқастардың диагностикасы және емдеу алгоритмдері бойынша сонымен қатар салыстырмалық тәсілді қажет ететін күрделі науқастардың жағдайына клиникалық талдау жасау бойынша семинарлар өткізілді. Клиникалық базадан тыс – Университеттік аурухананың гастроэнтерологиялық бөлімінен басқа, мектептің жұмысы амбулаториялық қабылдаулар мен қалалық емханаларда – ең алдымен ЖМКА кеңес беруде де өз жалғасын тапты. Гепатологтар мектебінің жұмысына гастроэнтерологтар мен интерндерден басқа, 4-курс студенттері, СҒҮ мүшелері де қатысты. 3.02.20 күні сағат 14.00-де СҒҮ мүшелерінің кездесуі өтті, ол жерде зиянды факторлардың бауырға әсерін бейнелейтін бейнефильм көрсетті, фильмді көргеннен кейін, бірауыздан зиянды факторларды – алкоголь, темекі шегу және нашақорлықты пайдаланудан бас тарту сұрақтары талқыланды. Гепатологтар мектебінің жұмысын ғылыми-практикалық конференция жалғастырды. Конференцияда бауыр ауруларындағы жасушалық терапияның ұзақ мерзімді әсеріні өзекті тақырып болып талқыланды, 703 топтың интерндері конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты, өзекті тақырыптар бойынша 4 баяндама жасалынды. Әр баяндамада сигналдық белгілерді қолдана отырып, «еркін микрофон» форматында интерактивті талқылауды қолдану арқылы сауалнама жүргізілді. Сонымен, Гепатологтар мектебі бойынша конференция тақырыбы барлық кафедра қызметкерлерін, интерндердер, тұрғындар мен студенттердің бірде бірін бей-жай қалдырмады. Тақырыптық мектептерді ұйымдастыруда және өткізуде баға жетпес тәжірибе жинақталды, бауыр патологиясы бар науқастарға нақты уақытта және жағдай бойынша көмек көрсетілді, студенттер осы медицинада қосымша білім мен дағдыларға ие болды. Кафедраның ПОҚ оптимистік шешім қабылдады; «Оқу және тәжірибелік қызмет бір форматы болуы керек!».
Факультеттік терапия кафедрасы