Қарқынды кәсіби ағылшын курстары.

Қарқынды кәсіби ағылшын курстары.

«СМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында үш ай ішінде Эразмус+/«HARMONEE» жобасы бойынша жоспарланған іс-шаралар аясында «СМУ» КеАҚ 10 оқытушы деңгейлерін арттыруға бағытталған қарқынды кәсіби ағылшын тілі курстарын өткізуде, оның барлығы білім беру құзыреттері мен дағдылары жетілдіруге бағытталған. Біздің жобаның жұмыс тобының мүшелері ағылшын тілінде онлайн семинарларда білім алуда, оларда шетелдік әріптестермен «Қоғамдық денсаулық» және Медико-профилактиклық магистратура бағдарламасына модульдер әзірлейді. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында білім берудің бұл тәсілін пайдалану интеграцияланған денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуға және бірыңғай пәнаралық тәсілді енгізуге ғана емес, сонымен қатар шетелдік әріптестермен еркін сөйлесуге, адам, жануарлар және экожүйе денсаулығының мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.