«Психиатрия және наркология» кафедрасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

«Психиатрия және наркология» кафедрасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

10.10.2022 жылы «Психиатрия и наркология» кафедрасының ассистенті Алмагамбетова А. А. өзінің кураторлық 5108 ЖМ тобымен «Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2022 жылғы халыққа Жолдауын талқылау» туралы іс-шара өткізді.

Семей медициналық университетінің 5 курс студенттеріне алғы сөзді кафедра ассистенті Алмагамбетова А. А. бастады. Студенттерге еліміздің социалды-экономикалық даму бағытындағы маңызды приоритеттер, Қазақстандағы болашақ өзгертулер жайлы айтылды. 5108 топ старостасы Жанай Ақбота 1 қыркүйек 2022жылғы Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауындағы негізгі тезистер туралы презентациямен таныстырды. Біздің экономикалық политикамыздың негізгі мақсаты – тұрғындарымыздың сапалы және инклюзивті өсуі, ұлттық табыстың әділ жұмсалуы. Бірінші кезекте мүмкіндіктер мен әділдіктің бәріне бірдей болуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық игіліктердің жоғары деңгейіне және халықтың әлеуметтік осал санаттарын, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдауға кепілдік беріледі. Мемлекет миллионнан астам азаматқа алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылатын болады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады. Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шалғай аудандардың тұрғындарына білікті көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін телемедицина дамиды.

5 курс студенттеріне бұл кездесу ұнады, әсіресе дәл өзектілігі мен жаңалығы, жаңа білім алды, сұрақтар қойды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”119917″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]