2022 жылдың 16 қараша күні СMУ «Күміс университет» жобасын іске асыру барысында жалпы білім беру кафедрасында зейнет жасындағы азаматтарға ағылшын тілінен сабақ өткізілу басталды. Сабақ барысында кафедра оқытушылары Жумаева Г.А., Жунусова Ж.М. жоба қатысушыларына ағылшын тілінен базалық ақпарат беріп, ағылшын тілінде оқу, жазу дағдыларын үйретті. Жоба қатысушыларынан сабақ барысында ағылшын тіліне деген қызығушылықтары байқалды.