Қазақстандағы Президент сайлауының нәтижелерін талқылау

Қазақстандағы Президент сайлауының нәтижелерін талқылау

2022 жылдың 22 қарашасында «Семей медицина университеті» КеАҚ жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасында оқытушылар 5102, 5101 ЖМФ кураторлық топтарымен бірлесе отырып, Қазақстан Президенті сайлауының қорытындысын талқылады.

Кураторлар студенттерді Орталық сайлау комиссиясы жариялаған 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулының нәтижелерімен таныстырды.

Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні өткен сайлауда 81,31 пайыз дауыс жинады.

Студенттер мен кураторлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жалғастыратынын және бұл қайта құрулардың басты мақсаты елді одан әрі демократияландыру, мүдделер мен азаматтардың әл-ауқатының теңгеріміне негізделген экономиканы құру, бизнес, мемлекет және ел ресурстарын тиімді пайдалану, халықтың өмір сүру сапасын арттырудың әлеуметтік мәселелерін шешу.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір