«Стресстік жағдайлардың алдын-алуы» тақырыбында күміс университеті

2022 жылдың 10 қарашасында «СМУ» КеАҚ «Мейіргер ісі» кафедрасында “Күміс университеті” аясында қарттарға арналған “Стресстік жағдайды алдын алу” атты дәрісі өткізілді. Қазіргі технологияның дамыған заманында стресстік жағдайлардың адам өмірінде жиі кездесуі барлығына мәлім. Дәріс барысында, қарт адамдарға созылмалы стресстің жасырын белгілері түсіндіріліп, әсері дәлелденген алдын алу шаралары баяндалды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”128624″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

«Студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту» кураторлық сағаты

2022 жылдың 28 қарашасында психиатрия және наркология кафедрасында «Студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Ұйымдастырушы: куратор Алмағамбетова А. А. Қатысушылар: 5108 ОМ студенттері. Семей қаласының медицина университетінің 5 курс студенттеріне А. А. Алмагамбетова алғы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде медицина студенттері арасында рухани-адамгершілік мәдениеттің жоғары деңгейін дамытудың маңыздылығына тоқталды, бұл жеке сапаға айналуы…

“Бастың топографиялық анатомиясы” ашық сабағы

2022 жылғы 22 қарашада Профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында, оқытушы Бикажанова А. Е. 4416-топпен “Бастың топографиялық анатомиясы” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы “KEYPS” қосымшасындағы тақырыптық жоспарға, силлабусқа, блюпринттерге сәйкес келді. Сабақты өткізу әдістемесі: бірінші бөлімде сұрақ-жауап түрінде өткізілсе, екінші бөлімінде-операциялық блокта студенттер “косметикалық тігіс” салу техникасын…

Кураторлық топпен спектакльге бару

25 қараша куратор Маукаева С. Б. кураторлық топ студенттерімен Рэй Кунидің «Миллиард кімге бұйырады?» пьесасы бойынша Дариға-ай театрының қойылымын тамашалады. Қойылым шытырман оқиғаларға толы қызықты комедия. Спектакль желісі байлықтың уақытша күй екенін, ал құндылықтар адамдардың қарым-қатынасында екенін дәлелдейді.

Профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының профориентациялық жұмысы

2022 жылдың 27-28-ші қарашасында профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының оқытушысы Махатова Асем Рамазановна мен клиникалық фармакология кафедрасының резиденттері Жаңыл Болатовна, Асем Амирхановна №43, №48 мектеп оқушылар арасында профориентациялық жұмыс жасады. Профориентациялық жұмыс барысында оқушыларға медицина университетінің барлық факультеттерінің артықшылықтары, оқу мерзімі, грант иегері, оқуға түсуге дайындық курстары туралы мәліметтер берілді.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]