«Ішімдіктің, нашақорлықтың және шығым шегудің зияны» тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

«Ішімдіктің, нашақорлықтың және шығым шегудің зияны» тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

Денсаулыққа зиянды факторлар – алкоголизм, шылым шегу және нашақорлық  туралы көп айтылды және айтылып жүр. Алкоголь мен никотин «мәдени» улар деп аталады. Дәл осы «мәдени» улар еңбек ұжымдарында, отбасыларда көптеген қиыншылықтар мен қасірет әкеледі, олар қоғам үшін әлеуметтік зұлымдық болып табылады. Зиянды әдеттердің салдарынан өмір сүру ұзақтығы қысқарып, халықтың өлім-жітім көрсеткіші артып, ақаулы ұрпақ дүниеге келеді. Зиянды әдеттермен күресудің басты «қаруы» – ақпарат беру. Әрбір адам олардың адам ағзасына келтіретін зияны туралы білуі керек.

2022 жылдың 9 желтоқсанында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасында кафедра кураторы Қ.Т. Сыдықованың жетекшілігімен «Стоматология» мамандығының 202 тобының студенттері «Ішімдіктің, нашақорлықтың және шығым шегудің зияны» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – «жаман» әдеттердің: темекі шегу, алкоголизм, нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу. Студенттер презентация дайындады, зиянды әдеттердің салдары туралы бейнероликтер көрсетті.

Жаман әдеттермен күресуге болады және күресу қажет. Оларды жою үшін салауатты өмір салтын ұстану керек, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану керек және мақсатқа жете білу керек. Ең бастысы, жақын адамдарыңыз амандығын есте сақтаңыз және қамқорлық жасаңыз.

 

 

Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы К.Т.Сыдыкова

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар