Құрметті “Семей медицина университеті” КеАҚ 5 курс студенттері, резиденттері мен интерндері!
Жапонияда (Нагасаки университеті) JICA “апаттар және радиациялық әсер ету медицинасы” бағдарламасы аясында магистратурада оқуға құжаттарды қабылдау жалғасуда екенін хабарлаймыз. Оқу кезеңі-2 жыл, оқудың басталуы-2023 жылғы қазан айы.
Стипендия тағайындау конкурсына қатысуға өтінім беру үшін сізден smu.partnership@smu.edu.kz почтасына CV-ді ағылшын тілінде 02.02.2023 (13:00) дейін жолдауыңызды сұраймыз. Өтінім берген үміткерлер университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді. Сұхбаттасу қорытындысы бойынша Нагасаки университетінің профессорларымен екінші тур-сұхбат өтеді. Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Жапония Үкіметі жапондық ресми дамуға көмек көрсетудің атқарушы тармағы ретінде толығымен қаржыландыратын екіжақты даму агенттігі болып табылады.
Іріктеу критерийлері:
- Негізгі критерий-ағылшын тілінің жоғары деңгейі.
- Жоғары оқу үлгерімі және мотивация.
- IELTS сертификаты Нагасаки университетінің профессорларымен әңгімелесу қорытындысы бойынша сәтті іріктеу жағдайында магистратураға түсу кезінде ғана міндетті.