Көрісу күні – татулықтың мерекесі

Көрісу күні – татулықтың мерекесі

15 наурыз күні Семей медицина университеті жалпы білім беру пәндері кафедрасы меңгерушісі Г.Т. Уранхаеваның басшылығымен кафедра оқытушылары Абай облыстық Достық үйіне барып, көрісу рәсімін өткізіп қайтты. Көрісе келген екі тарап, бір-біріне бұған дейін де қалыптасып қалған тығыз байланыстарының одан әрі де арта түсетіндігіне сөз беріп, алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тілей отырып, өз жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.

«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр.

Амалдың басты талабы – үлкендерге құрмет көрсету, кішілерге қамқорлық жасау, әлсіздерге қолдау көрсету, кедейлерге көмектесу. Бұл күні кішілері үлкендермен амандасады, қол алысып, құшақтасады. Ақсақалдар жастарға батасын береді. Бұл күні бұрынғы реніштер кешіріліп, араздық ұмытылады. Бұл сәлемдесу күні – бауырластық, қарапайымдылық, қайырымдылық мерекесі. Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. көрісу күнінің имандылыққа, жақсылыққа негізделген мереке екені анық. Ол үлкен мен кіші арасында сыйластық, сыпайылық орнатады.

Осы Наурыз мерекесінің кезекті қасиетті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Жалпы білім беру пәндері кафедрасы [vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: