15.03. 2023 жылы психиатрия және наркология кафедрасында «Наурыз мейрамын тойлау» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Қатысушылар: 5108 ЖМ студенттері. Ұйымдастырушы: кафедра ассистенті Алмагамбетова А.А.
Семей Медициналық университетінің 3 курс студенттеріне сәлемдесу сөзімен сахнаға шыққандар: психиатрия және наркология кафедрасы меңгерушісі доктор Phd Молдагалиев Т.М., кафедра доцентіОспанова Н.Н., ассистент Алмагамбетова А.А. Өз сөздерінде олар Қазақстанда Мемлекеттік мейрам «Наурыз Мейрамы» – өмір мен ұрпақ сабақтастығы символы ретінде дамыған , көктемдік жаңартулар жайлы түзілген тарихи мейрам екенін жеткізді.
Студенттер назарына құрамында негізгі аспектілері бар презентация ұсынылды.Наурыз мейрамы — бірлік, бейбітшілік, мейірім, бақыт, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуының, табиғат жаңаруының мейрамы! Наурыз көктемдік күн мен түннің теңелуі күні, яғни 22 наурызда тойланады. Шығыс елдерінде бұл мейрам ең маңызды және көне фестиваль болып табылады. Студент Талшын Қыдыралы қобызда :Естай “Құсни-Қорлан”, Абай “Айттым сәлем Қаламқас” сынды ұлы туындыларды ойнады. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерінің әсерлерімен бөлісті. Кездесу соңында оларға Наурыз мейрамына байланысты бұл іс-шара ұнағанын, үлкен жағымды эмоциялар алғанын жеткізді.[/vc_column_text]