«Күміс университет» жобасы аясындағы мерекелік құттықтау

«Күміс университет» жобасы аясындағы мерекелік құттықтау

м. ғ. д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы «Күміс университеті» жобасының жұмысына белсенді қатысады.

2023 жылдың 20 наурызында Наурыз мейрамы қарсаңында кафедра өкілдері биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ардагері, кафедрада 30 жылдан астам қызмет еткен Н.Ж.Күсебғалиеваны құттықтады.

«Күміс университет» жобасының негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік белсенділікті арттыру, физикалық және психикалық денсаулықты нығайту.

Бұл мерекелік шараның мақсаты – университет ардагерлеріне жағымды, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Найля Жағфарқызы медицина институтымыздағы оқу жылдары мен өмірінен қызықты естеліктерімен бөлісті, ілтипат үшін алғысын білдірді. Ардагердің басты тілегі – бейбітшілікте, бірлікте, достық пен келісімде өмір сүру.

Кафедра жастарды қарт ардагерлерді ұмытпауға, оларға жиі көңіл бөліп, қамқорлық жасауға шақырады.

«Күміс университет» жобасы бойынша кафедрадан жауапты – Лауенова С.А.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір