Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

17 наурыз 2023 жылы Жұқпалы аурулар, дерматовенерология, иммунология кафедрасының доценты Султанова Н.К 4321 топ арасында Абай облысының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сабильянов Нұртай Салихұлын қолдау жайлы тәрбие сағатын өткізді.

«AMANAT» партиясынан ұсынылды.

2004-2020 жылдарындағы депутаттық қызметі туралы ақпарат

1. Халықтан 9700 өтініш пен хат келіп түсті. Барлығына жауап берілді,көптеген мәселе шешімін тапты.

2. Шығыс Қазақстан облысының (қазіргі Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысы) 450 елді мекеніне барып, халықпен 1200 ашық кездесу өткізді.

3. Парламент Мәжілісінде, партияның қоғамдық қабылдауынды, өңірлерде болған кездесулерде 6270 азаматты жеке қабылдап, олардың мәселелерін шешуге атсалысты.

  1. 4. Заң жобаларына берген 5140 ұсынысы қабылданды. Олардың ішінде Абай облысында және Шығыс Қазақстан облысында 65 мектеп және балабақша салу, 120 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамсасыз ету, денсаулық, мәдениет, спорт салаларында 40 обьектіні салу, тұрғын үй құрылысы, заң жобаларын жетілдіру туралы және тағы да басқа ұсыныстар қабылданды.

5. Көптеген өзекті мәселе бойынша 310 депутаттық сауал жолданды.

6. Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысыныың мұғалімдерін, дәрігерлерін, теміржолшыларын, шекарашыларын, мектеп оқушыларын, балалар үйінің тәрбиеленушілерін (барлығы 550 адам) өзінің жеке қолдауымен Астана қаласына шақырып, қалада экскурсия ұйымдастырды. Парламент Мәжілісі депуттарының қызметімен таныстырды.

7. Депутаттың жетекшілігімен 170 студент Парламент Мәжілісінде тағылымдамадан өтті.

8. Республикалық маңызы бар жолдарға қатысты:

-Таскескен-Бақты жолына күрделі жөндеу (реконструкция) жүргізілді;

-Баршатас-Аягөз-Тарбағатай жолының 180 шақырымы жөнделді;

-Семей-Қайнар жолының 190 шақырымы жөнделді;

-Павлодар-Семей-Қалбатау жолына реконструкция жүргізілді.

Депутаттыққа кандидатың бағдарламасымен топ студенттері таңысып қолдау шешімін қабылдады.

 

Жалпы емдеу факультетінің 4321 топ старостасы Кабаева Аяулым.[/vc_column_text][vc_single_image image=”141603″][/vc_column][/vc_row]