Сәуір айының 18-і 2023 жылы Жалпы медицина мамандығы бойынша білім алатын 1212, 1213, 1214 оқу топтары өздерінің топ жетекшілерімен Семей қаласының ана мен бала үйінде уақытша мекендеп отырған тұрғындарымен сыпайылық кездесуін өткізді. Жоғарыда аталған оқу топтарының кураторлары ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының қызметкерлері – доцент Сайдахметова А.С. (1212 оқу тобы), аға оқытушы Қусаинова К.Т. (1214 топ) және Амангелдина Қ.Ж. (1213 топ).
Кездесу кезінде студеттер мен жетекшілер аналар және балалармен сұхбаттасты, әкелген жеке-жеке сыйлықтарды және ортақ тәтті тортты ұсынды (топ студенттері алдын ала Ана үйінің басқармасымен кездесіп, балаларға нендей сыйлықтармен келуге болатындығын біліп алған болатын).
Ғимаратта жөндеу жұмысы жүргізілуіне және жаңа туған балалардың денсаулықтары әлі қалпына келе қоймауына байланысты, аналармен тілдесу шектеулі болды.
Балалар кездесуге қуанып қалды, күлімдеп, бұрыннан таныс адамдар сияқты студенттермен құшақтасып жатты. Балалардың жанында балалардың денсаулығын қадағалаған мейірбике болды. Бізбен кездесуде болған аналар көңілді көрінді; кейбіреулері таяу арада өз жанұяларына қайтатындықтарын айтты және Ана үйінің қызметкерлеріне олардың еңбектері мен адамгершілік қамқорлықтарына ризашылығын білдірді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]