2023 жылғы 22 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күні аясында жалпы білім беретін пәндер кафедрасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 1 курс шетел студенттерінің арасында қазақ тілінен пәндік университетішілік олимпиада өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде суреттер бойынша мәтін құрастыру; екінші кезеңде «Менің болашақ мамандығым» атты тақырыпта өз ойын айтып әңгімелеу.
Олимпиада онлайн форматта өтіп, соңында барлық ұпай сандары жинақталып, қорытынды шығарылды. Сайыс кезінде берілген тапсырмаларды белсенді әрі тез ойланып жауап беру қабілетімен ерекшеленген студенттер жүлделі орынға ие болып, алғыс хаттармен марапатталды.
Бас жүлдені 1512 топ студенті Байсла Прасун, І орынды 1513 топ студенті Анджали Рай, ІІ орынды 1509 топ студенті Кулдип Сингх және 1505 топ студенті Табиш Рияз, ІІІ орынды 1510 топ студенті Газанфар Нисар иеленді. Студенттердің жауабын тыңдап, бағалау үшін орыс тілі пәнінің оқытушысы Белеуханова Қорлан Мағауянқызы қатысты.
Шетел азаматтарының елімізге құрмет көрсетіп, қысқа мерзім ішінде мемлекеттік тілді үйренуге талпыныс білдіргендеріне алғысымызды білдіреміз.