26.04.2023 жылдың «Превентивті медицина» мектебінің аясында кафедра меңгерушісі Дюсупова А.А. жетекшілігімен жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының қызметкерлерімен «Хаким» емханасында жас ата-аналарға екпемен алдын алу сұрақтары бойынша мектеп өткізілді.
Ата-аналармен кездесуде доцент О.А. Юрковская 622 ЖТД тобының дәрігер-интерндерімен бірге балалар үшін екпенің маңыздылығына тоқталды. Тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені жұқпалы ауруларды екпенің алдын алу медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Соңғы онжылдықтарда екпе бұрын-соңды болмаған өзгеріс жасады. Жұқпалы ауруларға қарсы екпе инфекциялардың пайда болуының және ауыр асқынулардың дамуын болдырмаудың ең тиімді шарасы екендігі ғылыми дәлелденген. Дегенмен, иммундау маңыздылығына қарамастан, көптеген ата-аналар балаларына екпе салудан бас тартады. Ата-аналар екпенің қауіпсіздігі, ықтимал асқынулары және олардың алдын алу жолдары туралы сұрақтар қойды. Ата-аналар барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша жан-жақты ақпарат алды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]