Университеттің 70 жылдығына арналған АКТ бойынша Олимпиада аяқталды

Университеттің 70 жылдығына арналған АКТ бойынша Олимпиада аяқталды

2023 жылдың 27 сәуірінде СМУ жалпы білім беру пәндері кафедрасының базасында 1 курс студенттері арасында университеттің 70 жылдық мерейтойына арналған “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” пәні бойынша университетішілік пәндік Олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты болашақ дәрігерлердің цифрлық дағдыларын дамыту және жетілдіру болды, бұл медицинаны цифрландыру кезеңінде маңызды рөл атқарады. Іс-шара олимпиадаға қатысушыларды кафедра меңгерушісі саясаттану ғылымдарының докторы Г.Т. Уранхаеваның құттықтау сөзінен басталды.

Олимпиада екі кезеңде өтті. 1-кезең ағылшын тілінде “Information and communication technologies” пәнінің оқу бағдарламасы бойынша онлайн-тест түрінде өткізілді. Екінші кезең барысында қатысушылар MS’Office қолданбалы бағдарламаларының мүмкіндіктері негізінде тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды орындады. Олимпиадаға “Жалпы медицина” және “Стоматология” мамандықтарының 49 студенті қатысты.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 – дәрежелі диплом – Елеусіз Исламбек

2 – дәрежелі диплом – Арман Ұлан

2 – дәрежелі диплом – Карпачева Аделия

2 – дәрежелі диплом – Ғылманов Дәуренбек

3 – дәрежелі диплом – Қуанышов Айбек

3 – дәрежелі диплом – Кабиева Даяна

3 – дәрежелі диплом – Негматов Нурали

3 – дәрежелі диплом – Мейрханова Дана

3 – дәрежелі диплом – Жумабаева Малика

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және олимпиада қатысушыларына көрсеткен қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз, одан әрі кәсіби жетілдіру тілейміз!

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі Г.Т. Уранхаева,, доцент м.а. И.С. Мусатаева, оқу ісін меңгерушісі Ә.Д. Ғалымова, оқытушылар Г.К. Тоқабаева, А.Б. Букатаева.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: