2023 жылғы 3 мамырда Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитация кафедрасында “Неонатология” мамандығынан интерндерға кәсіпке бағдарлау жұмысы бойынша «Ашық есік» күні өтті. Кафедра ассисетенті Б.А. Әлібекова интерндерді осы мамандықпен таныстырды. 2-ші оқу жылындағы резидент-неонатолог А.О. Битимирова неонатологттардың міндеттерін, жұмысының негізіне не кіретіні туралы айтып, Павлодар қаласы мен Өскемен қаласында 2 филиал бар екенін жайлы ақпарат берді. Аудандар мен басқа да қалаларда кәсіптік тәжірибеден өту туралы айта кетті. 2 курс резиденттері Алтай, Үшарал, Қалбатау қалаларында алған тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, “Абай облысының облыстық перинаталдық орталығындағы” бөлімшелерде күнделікті жұмыс барысында резиденттердің фотосуреттері, шала туылған балалар күніне арналған резиденттердің жасаған видеобейнелері көрсетілді. Интерндер академиялық ұтқырлық, осы мамандықтың өзектілігі, кәсіби тағылымдамадан өту туралы сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға жауап алды. Ассистент Б. А. Әлібекова ашық есік күнін қорытындылады.