Дәріс: Семей қаласында оқушылар арасында қызылшаның алдын алу

Дәріс: Семей қаласында оқушылар арасында қызылшаның алдын алу

Қазақстандағы ата-аналар мен дәрігерлердің көпшілігі қызылшаның не екенін ұмытқан. Бұл бұрыннан жеңілген ауру деп саналады. Биыл қыркүйек айының басында 4 мыңнан астам жағдай тіркелді. Инфекция негізінен балабақшалар мен мектептерде таралады. Көбінесе екпе алмаған мектеп жасындағы балалар ауырады.

2023 жылдың 8 қарашасында №29 жалпы орта білім беретін мектебінде ЖДТ кафедрасының ассистенті Д.Н.Сайдуалиевтың жетекшілік етуімен  КеАҚ «Семей Медицина Университетінің» 5317 топ студенттері және «Отбасылық медицина» мамандығының 2 курс резиденті қызылша ауруының алдын алу бойынша дәріс өткізді. Спикер ретінде: «Отбасылық медицина» мамандығының 2 курс резиденті Мужанова А.С. және «Жалпы медицина» факультетінің 5317 топ студенттері: Гайсина Н., Нұрболатқызы А.  Семинарға 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Баяндамашылар аурудың клиникалық көрінісін, оның кезеңдерін баяндап, қызылшаның алдын алу және вакцинациялау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар![/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Семинарлар