14 қараша профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында. қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме өткізілді. Қауіпсіздік техникасы және төтенше жағдайлар жөніндегі маман Насымхан Жанат Тұрсынханқызы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының барлық қызметкерлеріне нұсқаулық өткізді. Өрттің пайда болу себептері, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері, өрт кезіндегі адамдарды эвакуациялау тәртібі және қауіпсіздік шараларының басқа да маңызды аспектілері талқыланды.
Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы Олжаева Р. Р.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]