15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

1989 жылы 15 ақпанда соңғы Кеңес әскерлері Ауғанстан мемлекетінен шықты. Осылайша 10 жылдық соғыс аяқталды, онда Кеңес одағы 15 мыңнан астам азаматынан айырылды. Қазақстандықтар Кеңес әскери контингенті құрамында ауған әскери қақтығысына қатысты. Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні – ардагер ауғандықтардың мерекесі, барлық қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу және қайғыру күні екені түсінікті.

15 ақпан – елден тыс жерде соғысқан, өз Отанына терең адалдық танытқан, әскери антты адал және жанқиярлықпен орындаған, батылдық, табандылық пен ерліктің жоғары үлгілерін көрсеткен барлық интернационалист жауынгерлерді құрмет тұту күні болып белгіленген

«Семей медицина университеті» КеАҚ ұжымында электрик лауазымында Корсаков Талғат Тюлюбайұлы, мобильді топтың жұмысшы лауазымында Ахметов Дәулетхан Базарханұлы сияқты интернационалист жауынгерлер еңбек етеді.

Көптеген жылдар бойы әскери дайындық кафедрасын басқарған және Болашақ медицина қызметі офицерлерінің бірнеше ұрпағын тәрбиелеген интернационалист жауынгер, Қызыл жұлдыз орденінің иегері, медицина қызметінің подполковнигі Марат Жүнісұлы Әбішев туралы естелік біздің жүрегімізден өшпейді.

Жалпы мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыру, қазақстандық мәдениеттің жетістіктеріне, рухани және адамгершілік құндылықтарына баулу, әр халықтың қадір-қасиетін, ар-намысы мен тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеу және «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери  кафедрасының курсанттарына әскери-патриоттық тәрбие беруді одан әрі дамыту мақсатында «Жалпы медицина» мамандығының 4319 тобының студенттері қаза тапқандарды құрметтеп, интернационалист жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі А. Матыцин[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]