2024 жылдың 13 ақпанында Семей қаласының “Жалпы тәжірибелік дәрігер”кафедрасында 5 курс студенттерімен «Медициналық білімпаз» пәндік олимпиадасы өтті. Шараны ұйымдастырушылар доцент м.а . , м.ғ.к Теміртасова Ж.О. және «Отбасылық медицина» мамандығының резидентурасы бойынша 2 курс білімалушылары: Абдилдина Ғ., Мырзакенова Т., Қалиева Н. Қазылар алқасының мүшелері: медицина ғылымдарының докторы, проф. м.а. Казымов М.С., доцент. Нұржанова А.Е. және асс. Сайдуалиев Д.Н. Қатысушылар ЖМ 5101, 5102, 5103, 5104, 5106 және 5108 топтарының студенттері болды. Олимпиада үш кезеңде өткізілді: клиникалық жағдайды шешу; ЭКГ интерпретациялау және практикалық дағдыларды көрсету. Жиналған ұпайлардың қорытындысы бойынша 1 орынды 5103 топ студенті Иван Архангельский, 2 орынды 5101 топ студенті Әлиев Әли және 3 орынды 5108 топ студенті Айбүбі Төлеубек иеленді. Сертификаттарды Алибекова Аяжан (5108 топ), Досжан Төлеутай (5106 топ) және Байбакирова Ясмин (5101 топ) марапатталды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]