2024 жылдың 13 ақпанында Абай обылысы Семей қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Аханов Далелхан Дәулетханович және аға офицері Амантаев Темірлан Серікқалиұы «Төтенше жағдайлар, жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында «Семей Медицина Университеті» КеАҚ білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты жер сілкінісі болған жағдайда,жер сілкінісі жиілей бастаған кезеңде ел-жұрттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Елімізде осы бағыттағы сақтық шарасы қалай атқарылып жатқанын, төтенше жағдай туындаған кезде адамдар қалай әрекет етуі керек және жауапты сала мамандары өз міндеттерін қаншалықты тыңғылықты атқаруға дайын екендігі жеткізілді. Төтенше жағдайлар мамандары зілзала жағдайында қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтауды ескертті.