Ауғаныстан – жүректегі жара…

Ауғаныстан – жүректегі жара…

2024 жылдың 15 ақпанында «Семей Медицина Университеті» КеАҚ әскери кафедрасында жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, ой-өрісін, болашаққа деген жауапкершілігін дамыту мақсатында, 3314,303,3415 тобының 3 курс студенттерімен, кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай, «Ауғаныстан-жүректегі жара» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Студенттер Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға кіру себептері,  жауынгерлердің ерліктері  мен батылдықтары,  бастарынан өткізген қиын жағдайлары  және  жергілікті тұрғындарға көрсеткен көмектері туралы көптеген мағлұматтар алды.

Соңында студенттер құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды…

Бұл іс-шара Ауған соғысы және оның  қатысушылары жайлы білімдерін  толықтыруға  ықпал етті.

Әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы полковник М. Аманов

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]