№4 жатақханада “Бүйрегіңізді жастайыңыздан күтіңіз” атты сенбілік іс-шарасының өткізілуі

№4 жатақханада “Бүйрегіңізді жастайыңыздан күтіңіз” атты сенбілік іс-шарасының өткізілуі

Дүниежүзілік бүйрек күні жыл сайын наурыздың екінші бейсенбісінде, 2006 жылдан бастап өткізіледі. Бүкіл әлем бойынша жүздеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бүкіл әлемдегі адамдар бүйрек аурулары болған кезде алдын алу шаралары, қауіп факторлары және дұрыс өмір салты туралы білуі үшін жасалады.

Аурудың алдын алудың негізгі бағыттары халықтың хабардарлығын арттыруды қамтиды. Мамандарға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға арналған дәрістер мен семинарлар өткізу, медициналық мекемелердегі ақпараттық стендтер адамның өз денсаулығына дұрыс қарауына ықпал етуі тиіс.

Дүниежүзілік бүйрек күні аясында, сондай-ақ КеАҚ “СМУ” білім алушыларының алдын алу және ақпараттандыру мақсатында 2024 жылдың 24 ақпанында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушылары №4 студенттер үйінде “Бүйрегіңізді жастайыңыздан күтіңіз” атты іс-шара өткізді. Бүйрек ауруының қауіп факторлары және оларды төмендету жолдары туралы әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ жадынамалар, брошюралар ұсынылды. Әңгіме нәтижелері бойынша кері байланыс жүргізілді.

М. ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар