Әскери кафедрада «Ашық есік күндері»

Әскери кафедрада «Ашық есік күндері»

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында «Ашық есік күндерін» және әскери қызмет мәртебесін жоғарылату мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатына бағытталған дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу дәстүрге айналған.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап әскери кафедрада оқу үшін «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерін іріктеу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстары басталды.

Аталған іс-шаралар білім алушыларда жоғары патриоттық сананы, Отанды қорғауға деген жеке жауапкершілікті, еліміздің Ата заңына деген адалдықты, сондай-ақ, университетіміздің мәртебесін жоғарылату мақсаттарында өткізіледі.

Әскери кафедра студенттері келген қонақтарға білім алу кезеңінде алған дағдыларын көрсетті: тактикалық-саптық тәсілдерді, АК-24 автоматын шашу және жинау, жарақаттар алғандағы және тағы басқа жағдайларда, манекендарда алғашқы медициналық жәрдем көрсету жұмыстарын.

Келген жастарға әскери кафедраның оқу-материалдық базасын, офицер дәрігерлердің дайындығына арналған оқу бөлмелерін көрсету ұйымдастырылды, сонымен бірге, олар әскери кафедраның оқу аудиториялары мен шағын кітапханасын тамашалады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру және даму тарихы туралы фильм көрсетілді.

Кафедра оқытушылары университет кафедрасының тарихы туралы әңгімелеп берді.

Әскери кафедраның цикл бастығы запастағы полковник  Р.Мамыканов

Әскери кафедра әдіскері А.Жумагелдина

https://youtu.be/dBMWHVjxQyk[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]