Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сәуірдің 8нен 15 аралығында КеАҚ «Семей медицина университетінің» қоғамдық денсаулық кафедрасына КеАҚ «Астана медицина университетінен» фармацевтикалық пәндер кафедрас оқытушылары Капассов Саржан Сакенович және Капассова Зару Шахметвна келіп дәріс оқыды. Жауапты кафедралар Қоғамдық денсаулық, фармакология, биохимия және химиялық пәндер кафедраларын бекітті.
Академиялық ұтқырлық студенттер мен оқытушыларға білім, тәжірибе және идеялармен алмасуға мүмкіндік беретін білім мен ғылымды дамытудың негізгі құралы болып табылады. Фармацияны басқару және экономика саласында академиялық ұтқырлық білімді байытуға, фармацевтика индустриясындағы басқарудың әртүрлі аспектілерін түсінуге және кәсіби дағдыларды дамытуға ықпал етуде ерекше маңызды рөл атқарады.
Фармацияны басқару және экономика пәні бойынша келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылды:
- Қазақстанның ғылыми медициналық орталықтарында тиісті дәріхана практикасы (GPP) стандарттарын енгізу тәжірибесі.
- Фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың тәртібі мен нормативтік-құқықтық базасы.
- Стационарлық дәріханаларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу жүйесі. Дәрілік заттардың дербестендірілген есебін енгізу.
- Дәрілік заттарға баға белгілеу негіздері
- Негізгі экономикалық көрсеткіштерді болжау әдістері
Оқытушы Капассова Зару Шахметовна-академиялық және кәсіби салада бай тәжірибесі бар фармацияны басқару және экономика саласындағы жоғары білікті маман. Оның тәжірибесі фармацевтикалық кәсіпорындарды басқарудың әртүрлі аспектілерін, осы саладағы экономикалық талдауды және фармацевтика индустриясындағы Стратегиялық жоспарлау мен маркетингті қамтиды. Оқытушы Зару Шаяхметовамен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу білім мен дағдыларды алуға бірегей мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, академиялық ұтқырлық студенттерге тәжірибелі сарапшының жетекшілігімен фармацияны басқару және экономика саласында терең білім, тәжірибе және практикалық дағдыларды алуға бірегей мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламаға қатысу кәсіби және жеке даму үшін кең перспективалар ашады.