“Медициналық реабилитация негіздері” пәнінен олимпиада

“Медициналық реабилитация негіздері” пәнінен олимпиада

2024-жылдың 25-сәуірінде Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р және кафедра оқытушысы Дәулетжарова Ж.Қ бастауымен Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында 1-жыл резидент-реабилитологтары реабилитация пәнін өтіп жүрген 703 және 704-топ жалпы тәжірибелік дәрігер-интерндеріне пәндік олимпиада ұйымдастырды. Олимпиаданың ұйымдастырылу мақсаты интерндердің алған білімдерін бекітіп, студенттік өмірлерінде көңілді естеліктер қалдыру. 

Олимпиаданың ашылуында кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р сөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: 1-іріктеу кезеңінде тест жүргізілді, 2-кезең сұрақ-жауап форматында өтті және 3-кезеңде клиникалық жағдайлар талқыланды. Барлық қатысушылар өздерінің білімдерін, тәжірибелерін көрсете білді. Қатысқан интерндер арасынан суырылып алдыға шыққан 1-орынды Жаппарова Мөлдір, 2-орынды Тұрсынұлы Айдос және 3-орынды Ашимбекова Назгүл иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары және кішігірім сыйлықтар берілді. Олимпиада соңында интерндер өздерінің кері байланыстарын беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Интерндер олимпиаданың ұнағанын және осындай пәндік олимпиадалардың олардың білімдерін шыңдайтынын, тәжірибелерін арттыратынын, болашақта резидентура бойынша өз бағыттарын таңдауға септігін тигізетінін жеткізді.

1-курс резиденті Нургазина Ақбота Алмасқызы.

Рубрикалар: Оқушылар