27.04.2024 жылы КеАҚ «СМУ» психиатрия және наркология кафедрасының ассистенттері 5108,5425,5432 “Жалпы медицина” тобының студенттерімен бірлесіп, Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» КМҚК-да еріктілік мақсатпен психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Т. М. Молдағалиевтің, доцент, м.ғ.к. Оспанова Н. Н., Алмагамбетова А.А., м. ғ. к. Сарсембина Ж.Д., кафедра ассистенттері PhD докторы Сексенбаев Н. Ж., Ермекбаев А.У., Алтыбаева Г.К. жетекшілігімен «Мейірімділік пен жақсылық сыйла» қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты-студенттерді қайырымдылық және волонтерлік қызметке тарту, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғауға мұқтаж жетім балаларға көмек көрсету; адами құндылықтарды-мейірімділік, жанашырлық және мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу; студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті Алмагамбетова А.А. құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге балаларға көңіл бөлу мен қамқорлық көрсетудің маңыздылығы туралы айтып берді. Студенттер әр балаға ерекше көзқараспен қарады, балалармен әр- түрлі ойындар өткізді. Содан кейін студенттер бүлдіршіндерге тәттілер, футболкалар, памперстер түрінде сыйлықтар берді. Балалар қуанды, күлді, жақсы байланыста болды және көптеген жағымды эмоциялар алды. Бұл іс- шара бәріміз үшін өте қызықты болды! Балалар үйінің аға тәрбиешісі Каленова Г.Т. мен психолог Еділбаева Э.К. студенттерге «Облыстық мамандандырылған балалар үйінің»балаларына көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді. Студенттер оң әрекеттерге, позитивті ойлауға мотивация алды және эмпатия деңгейін арттырды!