Профессорлық клиниканың ашылуы

Профессорлық клиниканың ашылуы

Бүгін «Семей медицина университеті» КеАҚ жанындағы Мәңгілік Ел көшесі, 3а мекен-жайында орналасқан профессорлық клиника өз есігін айқара ашты.
Клиника ақылы негізде консультациялық және медициналық қызметтер көрсетеді. Қала тұрғындары мен қонақтары невропатология, педиатрия, кардиология, ангиохирургия, эндокринология, гинекология, хирургия, урология бағыттары бойынша қабылдаулар жүргізетін жоғары білікті мамандар – медицина ғылымдарының докторлары мен профессорларға жүгіне алады. Мұнымен қатар, профессорлық клиникада УДЗ кабинеті жұмыс істейді.
Жазылуға арналған телефон +7 707 619 2427