Оқушылар арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу

Оқушылар арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу

2024 жылдың 27 қыркүйегінде «Балалар ауруларының пропедевтикасы» кафедрасының ассистенті Рахимбаева Салтанат Жәнібекқызы «Педиатрия» мамандығының 4404 тобымен «Студенттер арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды. Куратор сағатының негізгі мақсаты – студенттерге құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктің қалыптасуы туралы ақпарат беру болды. Құмар ойындарға тәуелділер тегін емделумен және оңалтумен қамтылған. Студенттер ойынға тәуелділіктің белгілерімен, даму сатысымен және жіктелуімен танысты. Сондай-ақ, Павлодар қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығының филиалында емдеу мәселелері бойынша ақпарат берілді.