М. ғ.д., профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының оқытушысы, Желдибаева Үміт Тоқтағазықызы 2024 жылдың 30-шы қыркүйегінде Семей қаласының №5 , №7 білім беру мекемелерінде,21-24 қазан айында Өскемен қаласының білім беру мекемелерінде, 11-12 қарашасында Бесқарағай ауданының білім беру мекемелерінде профильді бағдарлама бойынша жұмыс жүргізді. Іс-шаралар барысында оқушыларға біздің медициналық университетте оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Оқушыларға КЕАҚ “Семей Медицина Университеті” туралы имидждік бейнеролик ұсынылды, қызметі, білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуеттің өсуі, сондай-ақ академиялық ұтқырлыққа және қолжетімді мамандықтарға қатысу мүмкіндіктері туралы айтылды. Сондай-ақ, оқушылар университеттің тарихымен және оның дамуының негізгі кезеңдерімен танысты.