Оскемен филиалында УКЦ базасында ОВП кафедрасының ассистенті Ахметова С.С. тренерлер секцияларына ” Шұғыл медициналық көмек көрсетудің негіздері ” тақырыбы бойынша оқыту өткізді. Іс-шараның мақсаты – тренерлердің алғашқы медициналық көмек көрсету және жаттығулар мен жарыстар кезінде шұғыл жағдайларда әрекет ету біліктілігін арттыру болды.
Оқыту барысында тренерлер алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын нақты жағдайларға жақындатылған жағдайда тәжірибе жүзінде игерді. Алғашқы медициналық көмек қобдишаларын пайдалану және шұғыл жағдайларда әрекет ету бойынша жаттығулар өткізілді. Тренерлер мамандарға сұрақтар қойып, жаттығулар барысында кездесетін әртүрлі сценарийлерді талқылауға мүмкіндік алды.
Оқыту сәтті өтті, барлық қатысушылар жоғары деңгейде қызығушылық танытып, практикалық сабақтарға белсенді қатысқан. Тренерлер шұғыл жағдайларда әрекет етуге дайын екендіктерін растады және пайдалы ақпарат пен практикалық дағдылар үшін алғыс білдірді. Оқыту нәтижесінде әрбір тренерге курсты аяқтағаны туралы сертификат берілді.
Шұғыл жағдайлар бойынша оқыту ұйымдастыру және өткізу жаттығулар мен жарыстарда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Тренерлер енді шұғыл жағдайларда жылдам әрекет ету үшін қажетті білімге ие болып, зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын.