Ағымдағы жылдың 04-13 желтоқсан аралығында «Жалпы медицина» мамандығының 4,5 курс студенттері, «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығының 6 курс интерндері және «Жұқпалы аурулар ересектер, балалар» мамандығының резиденттері үшін «АИТВ-инфекциясы» қысқы мектебі өтті. Ұйымдастырушылар: балалар жұқпалы аурулары кафедрасының (Мансурова А.А., Дәлелқанова Т.Д., Смаилов Е. С., Кумарбекова А. К.) және жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының (Токаева А.З., Кузнецова М. В., Маукаева С. Б., Ахметова А. К., Жокебаева М.С.) оқутышылары. Мектеп басшысы – балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И. М.
Қысқы мектеп аралас форматта өтті. Барлығы 90 тыңдаушы қатысты.
Қысқы мектепті өткізудің мақсаты-ересектер мен балалардағы АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша білім мен дағдыларды жоғарту.
Мектеп жұмысына Абай облысының инфекционист – дәрігерлері де қатысты.
Қысқы мектеп бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтыды: ересектер мен балалардағы АИТВ инфекциясы, клиника, тері көріністері, ажырату диагноз, зертханалық диагностика, емдеу тактикасы, алдын алуы, АИТВ- инфекциясы бойынша кеңес беру. Күн сайын мектеп қатысушылары сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.
Тыңдаушылар балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И.М. Эфендиевке және барлық ұйымдастырушыларға қысқы мектепті өткізгені үшін алғыстарын білдірді.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы семинарға техникалық қолдау көрсеткені үшін цифрлық технологиялар бөліміне алғысын білдіреді.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы