Ғылыми үйірмесінің отырысы: студенттердің ғылыми зерттеулеріне шолу

Ғылыми үйірмесінің отырысы: студенттердің ғылыми зерттеулеріне шолу

2025 жылғы 30 қаңтарда эпидемиология және биостатистика кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті. Кездесуді кафедраның аға оқытушысы, PhD Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы жүргізді.

Отырыстың басты мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау, өзекті медициналық мәселелер бойынша жаңа әдістерді қарастыру және зерттеу нәтижелерімен бөлісу. Үйірме мүшелері өз зерттеулерін ұсынды.

Студенттік баяндамаларда созылмалы аурулардың таралуы, биостатистикалық әдістердің диагностикадағы рөлі және денсаулық сақтау саласындағы инновациялар сияқты өзекті тақырыптар қамтылды. Әрбір зерттеу ғылыми негізделген деректерге сүйене отырып талқыланды.

Талқылау барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, зерттеу әдістерін жетілдіру жолдарын қарастырды. Ғылыми үйірменің келесі отырысында студенттер өз жұмыстарын жетілдіріп, нәтижелерін ғылыми конференцияларда ұсыну үшін дайындық жұмыстарын жалғастыратын болады.

Рубрикалар: Ғылыми жұмыс