«Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірменің кезекті отырысы

«Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірменің кезекті отырысы

ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және            медициналық генетика кафедрасында студенттік ғылыми үйірменің «Molecular Genetics Researchers» кезекті отырысы өтті. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті. Қатысқандар: кафедра меңгерушісі Оразалина А.С., СҒҮ жетекшісі: кафедрамыздың PhD  оқытушысы Рахимгалиева П.С.,     СҒҮ старостасы: 2 курс «Медицина» ОБ студенті Черубаева Ания.   СҒҮ отырысында 1-2 курс студенттері және кафедра оқытушылары қатысты.

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., доцент А. С. Оразалина сөз сөйледі: “Құрметті студенттер, Біз сіздерді студенттік ғылыми үйірмеде көруге әрқашан қуаныштымыз. ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ғылыми-зерттеу үйірмесіне қош келдіңіз”. Студенттердің жұмысы-білім алушының кәсіби қасиеттерін дамытуға ықпал ететін оқыту үдерісіндегі негізгі бағыттардың бірі. Медициналық жоғары оқу орны студентінің ғылыми жұмысының басталуы, әдетте, студенттік ғылыми үйірме болып табылады, онда білім алушы теориялық білімді практикалық қолдану мүмкіндіктерін біріктіретін зерттеу, аналитикалық, шығармашылық жұмыстың алғашқы тәжірибесін алады. Ол кісі үйірмелердің жетістіктері және студенттердің белсенді жұмыстары туралы айтты. Біздің ғылыми үйірме студенттері түрлі конференцияларға қатысады: университетішілік, ЖОО аралық, сондай-ақ Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан сияқты түрлі деңгейдегі халықаралық конференцияларға жүлделі орындарға ие болады.

Біздің кафедра мен оқытушылар ғылыми жұмыстардың ғылыми жетекшілері ретінде әрдайым студенттерге қолдау көрсетеді, көмектеседі, ғылыми зерттеулерді жүргізудің негіздері мен әдістерін үйретеді, баяндамаларды тыңдайды және конференциялар өткізілгеннен кейін ғылыми жұмыстың нәтижелері мен дағдыларды одан әрі дамыту талқыланады. Айнаш Сапаровна әр студентке ғылымға қызығушылық танытқаны үшін, өз білімін жетілдіруге ұмтылғаны үшін алғысын білдірді. Бәсекеге қабілетті және кәсіби дәрігер үшін білім қорының болуы және әрқашан дамуда болу өте маңызды екенін атап өтті.

СҒҮ төрағасы Черубаева Ания “Медицина” мамандығының 2 курс студенті сөз сөйледі, ол конференцияға қатысудың негізгі нысандары туралы айтты: тезистерді жариялау + ауызша баяндама (ұзақтығы – 7 минуттан аспайды); тек ауызша баяндама; тек тезистерді жариялау; постерлік баяндама. Ания бір тақырыпты зерттей алатын студенттер саны туралы және жетекшімен таңдау және байланыс туралы ақпарат берді. Конференцияларда өз тәжірибесі мен жүлделі орындар туралы айтып берді.

Асабаев Нұрасыл және Әскер Аққу оларда өз тәжірибесі туралы, сөйлеу кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы, презентация кезінде қолданылатын элементтер туралы айтты, сонымен қатар кез-келген тәжірибе – бұл даму, білім, жаңа дағдыларды үйрену екенін атап өтті. Отырысқа жауапты оқытушы П.С.Рахимгалиева  аяқтады, ол СҒҮ отырыстарының әртүрлі ұйымдық нысандарда қалай өтетінін айтып берді. СҒҮ отырыстарында СҒҮ мүшелерінің одан әрі ғылыми қызметін жоспарлау, атқарылған жұмыс туралы есеп, СҒҮ мүшелерін әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға дайындау және т. б. жүргізіледі. Болашақта біздің кейбір түлектер өздері үшін ғылыми саланы таңдап, диссертацияларды сәтті қорғайды. Пакизат Сармановна студенттерге үйірме отырысына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Кездесуге қатысушылардың барлығы өз білімдерін көрсетіп, сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысты.

Оразалина А.С., ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі және

оқытушы  Рахимгалиева П. С.

Рубрикалар: Ғылыми жұмыс