2025 жылғы 10 ақпанда «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да 3-курс студенттеріне Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының бірінші кезеңіне дайындық бойынша кеңес өтті. Іс-шараға жалпы медицина, педиатрия және стоматология факультеттерінің студенттері қатысты.
Студенттерге дәрістерді эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі Байбусинова Асель Жанартасовна және кафедраның аға оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы оқыды.
Кеңес барысында маңызды тақырыптар қарастырылды:
Зерттеу дизайны – негізгі түрлері, оңтайлы әдісті таңдау;
Эпидемиологиялық зерттеулердегі байланыс өлшемдері – салыстырмалы қауіп, мүмкіндік қатынасы және басқа көрсеткіштер.
Соңында студенттер тест тапсырмаларының үлгілерін талқылап, бұл оларға тест сұрақтарының құрылымын жақсы түсінуге және ҰТЕО тапсыруға дайындалуға мүмкіндік берді.