11.03.2025 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы Атабаева А.К. 5246 кураторлық тобымен бірге «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл тармақша тұрақты даму бойынша 5-мақсатқа енгізілген. Репродуктивті денсаулық сақтау – бұл дені сау ұрпақтың пайда болуын, ұрпақты болу мүшелерінің алдын алу мен емдеуді, жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғауды, отбасын жоспарлауды, ана мен бала өлімінің алдын алуды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Кураторлық сағат әңгіме түрінде өтті, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.