Семей қаласындағы “Восток” өңірлік қолбасшылығы мен ашық аспан астындағы әскери техниканың мұражайлар

Семей қаласындағы “Восток” өңірлік қолбасшылығы мен ашық аспан астындағы әскери техниканың мұражайлар

2025 жылдың 7 наурызында”Семей медицина университеті” КЕАҚ әскери кафедрасында оқитын 4215 оқу тобының студенттері Семей қаласындағы “Восток”өңірлік қолбасшылығы мен ашық аспан астындағы әскери техниканың мұражайларына барды.

Экскурсияны цикл бастығы, запастағы медицина қызметтің подполковнигі Нұрбек Саденұлы Смаилов жүргізіп, осы нысандардың маңыздылығы туралы айтып берді.

Офицерлердің гарнизондық үйі әскери тарихтың орталығы болып табылады, онда аймақтық қолбасшылықтың қалыптасу жолдары, әскери қызметшілердің бітімгершілік операцияларға қатысуын көрсететін бірегей экспонаттар жинақталған. Мұражайда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өткен және қазіргі кезеңдеріне көз жүгіртуге мүмкіндік беретін тарихи құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер, әскери киім мен наградалар ұсынылған.

Ашық аспан астындағы мұражай – Семей қаласының көрнекті орындарының бірі, елдің әскери өткенін айқын көрсетеді. Мұнда әртүрлі тарихи кезеңдерде қолданылған бронетранспортерлердің, артиллериялық қондырғылардың және басқада қару-жарақтардың үлгілері ұсынылған. Әрбір экспонат Отанға қызмет еткен және қорғаған адамдардың ерлігі мен батылдығын еске түсіретін тарихты сақтайды.

Экскурсиядан алған әсерлерін есте сақтау  үшін студенттер  бірлескен фотосуреттер түсірді. Қатысушылар тарихқа сүңгуге, әскери мұра туралы білімдерін кеңейтуге және патриотизм рухына енуге мүмкіндік бергені үшін цикл бастығы, запастағы медицина қызметінің подполковнигі Нұрбек Саденұлы Смаиловқа алғыстарын білдірді.

4215 ОМ тобының  студенттері

Рубрикалар: Қоғамдық өмір