Студенттердің оқытушылық тағылымы

Студенттердің оқытушылық тағылымы

«Балалық шақ ауруларының пропедевтикасы» кафедрасында білім беру іскерлігі аясында ассистент Койшыбаева К.Ж.  «Балалар ауруларының пропедевтикасы» пәні бойынша «Педиатрия» мамандығының 3430 тобында «  «Өмірдің бірінші жылындағы балаларды тамақтандыруды оңтайландыру» тақырыбы бойынша «тең-теңімен» оқыту әдісін қолданды.  Тәлімгерлер, осы тақырыпты игерген  және төменгі курс студенттерімен өз білімдерімен бөлісе алатын «Педиатрия» мамандығы, 4101 тобының студенттері  Баян Әнуарбекова мен Аружан Асылбекова болды.Тең оқыту білім алушының жасының психологиялық  ерекшеліктеріне, атап айтқанда, білім алушының өз мүдделерін, қажеттіліктерін, өз қызығушылықтарын,  ұмтылыстарын жақсы білетін және түсінетін құрдастарымен қарым-қатынас жасау маңыздылығымен байланысты.   Тәлімгерлер үшін басты мақсат – көшбасшылық қасиеттерді, топта жұмыс істеу дағдыларын, коммуникативті дағдыларды, педагогикалық қызмет  негіздерін және волонтерлік белсенділікті дамыту. Тақырыпты талдау барысында тәлімгерлер презентация, кейстерді талдап, MCQ тесттерін шешуді қолданды. Сабақтың тәжірибелік бөлігін меңгеру үшін   омыраумен тамақтандыру бойынша бойынша аналарға кеңес беру дағдыларын қолданды.

Ассистент Койшыбаева К.Ж. сабақ барысында түзетулер енгізіп, соңында өтілген тақырыпты қорытындылады.

Бұл оқыту әдісі неғұрлым тең атмосфераны қалыптастырады және оқуға инновациялық көзқарасты алға тартады.

Рубрикалар: Оқушылар