Ұлттық киім – кез-келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі.
Бұл жай ғана киім емес, бүтін бір ұлттың мәдениеті мен құндылықтарын айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Ұлттық киімімізді ұлықтау арқылы халықты елдік құндылықтарға жақындатарымыз сөзсіз.
Осы мақсатта «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы және оқу-қосалқы құрамы әр жыл сайын 18 наурызда «Ұлттық киім күніне» байланысты ұлттық киім нақышында киінеді.
Ұлттық киім күні – сан ғасырлық мұраның қадірін сезінуге, ұлттық стильдің жаңа қырларын ашуға, ортақ мәдени құндылық арқылы ел бірлігін нығайтуға қалыптастыратын бастамалардың бірі екеніне сеніміміз зор.
Әскери кафедраның тәрбие жұмыстарына жауапты
запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов