«Ашық есік күні» барысында жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша резидентураға түсу үшін 7 курс интерндерімен кездесу ұйымдастырылды. Білім беру бағдарламасының жетекшісі Н.К. Құдайбергенова кафедраның қызметі, мамандығы бойынша оқыту мүмкіндіктері мен шарттары туралы айтып берді.
Резиденттерді практикалық даярлау Семей, Павлодар және Өскемен қалаларының медициналық мекемелерінің клиникалық-диагностикалық зертханаларында өтеді. Резиденттер оқытылатын барлық клиникалық базалар әртүрлі зерттеулердің (гематологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, микробиологиялық, молекулалық-биологиялық және т.б.) кең спектрі жүргізілетін заманауи зертханалық жабдықтармен жинақталған.
Резидентураға түсу үшін дәрігер-лаборант мамандығын таңдаған интерндер дайындық бағдарламасы және одан әрі жұмысқа орналастыру туралы қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап алды.