Наурыз – көктем мерекесі, жаңғырудың символы

Наурыз – көктем мерекесі, жаңғырудың символы

Наурыз мейрамы жай ғана көктем мерекесі емес, адам мен табиғаттың жаңғыруының, жаңаруының, үндестігінің символы. Оның ежелгі тамыры бар және 5 мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді. Қазақ мәдениетінде бұл күн «Ұлыстың ұлы күні» деп аталып, 2010 жылдан бастап БҰҰ ресми түрде Халықаралық Наурыз күні деп танылды.

Биыл Қазақстан Президентінің бастамасымен Наурыз мейрамы қазақ халқының ұлттық мәдениетінің байлығын, салт-дәстүрі мен басты рухани құндылықтарын көрсететін онкүндік іс-шаралар бағдарламасында жаңа форматта өтуде.

Біздің университет бұл бағдарламадан тыс қалмады. 2025 жылдың 17 наурызында кафедралар, соның ішінде біздің м. ғ. д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасы Наурыз мейрамының бір түрі «Ұлттық салт-дәстүрлер мәдениеті күнін» атап өтті, оған 5 курс 502 «Фармация» тобының студенттері де қатысты.

Университет түлектері бұл мерекеден керемет, ұмытылмас әсер алды. Олар ұлттық салт-дәстүрлер туралы көптеген пайдалы дүниелерді біліп, білім қорына қазақтың салт-дәстүрлер мен мәдениеттін қосты.

502 «Фармация» тобының кураторы Лауенова С.А.