2024–2025 оқу жылында «Семей медицина университетінің» КеАҚ Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында резиденттердің педагогикалық қабілеттілігін арттыру мақсатында «Оқыту арқылы оқыту» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама 2024 жылғы 6 ақпанда бекітілген Ережеге сәйкес жүргізіледі. «Оқыту арқылы оқыту» қағидаты академиялық үлгерімі жоғары резиденттерге бакалавриат пен интернатурада білім алушыларды тиімді оқытуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 17 және 18 наурызында, ағылшын тілін меңгерген, «Ересектер және балалар ревматологиясы» мамандығының 2-курс резиденті Сейтхан Д.С., М.В. Горемыкина жетекшілігімен Жалпы медицина факультетінің 447-тобының шетелдік студенттеріне «Ревматология» пәні бойынша сабақ өткізді. Оқу жоспарына сәйкес «Анкилоздаушы спондилит» және «Реактивті артрит» тақырыптары CBL әдісімен оқытылды.
«Оқыту арқылы оқыту» әдісі резидент пен бакалавриат білім алушылары арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға, авторитарлық көзқарасты төмендетуге және еркін қарым-қатынас жасауға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл оқыту әдісі резиденттің көшбасшылық қасиеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын, коммуникативтік қабілеттерін және педагогикалық қызметтің негіздерін дамытуға көмектеседі.
Горемыкина М.В.