Бішкек қаласындағы Халықаралық Олимпиада жүлдегерлері

Бішкек қаласындағы Халықаралық Олимпиада жүлдегерлері

Бішкек қаласындағы Халықаралық Олимпиада жүлдегерлері КеАҚ «СМУ» стоматология факультетінің 4 курс студенттерінің құрамында 5 студент бар : Альмеш Томирис, Әсел Контарова, Камил Смайылов, Гүлім Шарипханов, Яреско Семен «Dentarius» командасы стоматологиялық пәндер кафедрасының доценті Н.Б. Хайдарованың жетекшілігімен 2025 жылы 14 наурызда Бішкек қаласында И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында өткен “Тіс дәрігерлер шайқасы” халықаралық студенттік олимпиадасына қатысты. Олимпиадаға жақын және алыс шетелдерден келген студенттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындары қатысты. Олимпиада келесі кезеңдерден тұрды:
1.Сәлемдесу
2.Тестілеу
3.Практикалық дағдыларды орындау
4.Шығармашылық есеп
5.Викторина
КеАҚ “СМУ”-нің стоматология факультетінің студенттері “Тіс дәрігерлер шайқасы” халықаралық студенттік олимпиадасына қатысушылар арасында II-жүлделі орынға ие болды, сондай-ақ Халықаралық олимпиаданы ұйымдастырғаны және өткізгені үшін КеАҚ “СМУ”алғыс хатпен марапатталды.
Студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін, жинақталған білімдерін көрсетуге, стоматология саласындағы жаңа биіктерді игеруде ерік-жігері мен мінезін көрсете алды. Мұндай іс-шаралар зерттеу ізденісіне назар аударуға, жоғары оқу орындары мен елдер арасындағы байланысты нығайтуға, студенттердің білім деңгейін арттыруға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!