Терапия кафедрасындағы кураторлық сағаты «Темекі шегудің алдын алу»

Терапия кафедрасындағы кураторлық сағаты «Темекі шегудің алдын алу»

Терапия кафедрасында 2025 жылдың 25 қарашасында << темекі шегудің алдын алу » тақырыбы бойынша 4 курс студенттерінің қатысуымен кураторлық сағат өтті. Талқылау терапия кафедрасының ассистенті Асанова С. А. сөзімен басталды. , ол есірткінің, ішімдік пен темекінің ағзаға тигізетін әсерін, оның кейінгі өмірге тигізетін зардаптарын, адам ағзасына кері әсерін атап өтті. Қазіргі уақытта темекі шегу мәселесі әсіресе жастар арасында өзекті болып отыр. Темекі шегудің жаңа түрлері көбейіп келеді.

Шара барысында темекі шегудің, ішімдіктің, есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Студенттер адам бойындағы зиянды әдеттер, атап айтқанда, темекі шегу, электронды темекі, алкогольдің ағзаға зияны, есірткі және оның салдары туралы бірнеше бейнероликтерді тамашалады. Куратордың қорытынды сөзінде денсаулықты сақтау, жұмыс режимі, демалыс және тамақтану, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту, сонымен қатар дене шынықтыру туралы айтылды.