Кураторлық сағат Наурыз мерекесіне арналды
2025 жылдың 19 наурызында “Медицина” мамандығының 3337 тобы Наурыз мерекесіне арналған кураторлық сағат өткізді. Бұл мереке табиғаттың жаңаруы, бірлік, амандық және рухани жаңғыруды білдіреді. Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, Наурыздың тарихы мен мәдениеттегі орнын талқылады. Қонақжайлылық, үлкендерге құрмет және ұлттық құндылықтарды сақтау тақырыптары қозғалды. Кураторлық сағатты кафедраның аға оқытушысы, PhD Мукашева Гүлбаршын…