«СМУ» КеАҚ ғылыми-педагогикалық кадрлардың ғылыми стартаптарын ГҚ арналған конкурстың қорытындысы

«СМУ» КеАҚ ғылыми-педагогикалық кадрлардың ғылыми стартаптарын ГҚ арналған конкурстың қорытындысы

Ғылыми апта аясында «Семей медицина университеті» КеАҚ ғылыми-педагогикалық кадрлардың ғылыми стартаптарын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізілді. Осы бастама шеңберінде ғылым мен инновацияларды дамытуға көп көңіл бөлінеді, ал бұл байқау медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған перспективалы ғылыми жобалар мен стартаптарды қолдаудағы маңызды қадам болды.

Ғылыми стартаптарды гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз:

Жоба: Жасанды интеллект негізінде қазақ ұлты тұлғаларының бас сүйегі бойынша медициналық-криминалистикалық сәйкестендіру.
Ғылыми жетекші: м.ғ.д., профессор Шабдарбаева Дария Муратовна.
Жоба: Ерлердің репродуктивтік денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге арналған цифрлық платформа моделі.
Ғылыми жетекші: м.ғ.к., профессор Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна.
Жоба: Құлақ пен мұрынның іріңді емес ауруларын кешенді емдеуде психологиялық түзетуді қолдану.
Ғылыми жетекші: м.ғ.д., профессор Хайбуллин Талгат Нурмуханович.
«Семей медицина университеті» КеАҚ ғылыми-сараптамалық кеңесінің шешіміне сәйкес бұл жобалар гранттық қаржыландыру алу үшін іріктелді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың ғылыми стартаптарын іске асыруда табыс тілейміз!

«Семей медицина университеті» КеАҚ
Біз ғылымды қолдаймыз, инновацияларды дамытамыз, медицинаның болашағын құрамыз!